Финляндияның Yle телерадиокомпаниясы жүргізген зерттеу нәтижесінде Ресей финндік Wärtsilä машина жасау компаниясының өнімдерін ондаған елдегі делдал фирмалар арқылы алып отырғаны анықталды. Бұл схема Мәскеуге Батыс санкцияларынан айналып өтуге мүмкіндік береді. Алынған бөлшектер «көлеңкелі флот» деп аталатын кемелерді жөндеуге де пайдаланылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.