Украинадағы Ресей әскерінің қолбасшысы генерал Сергей Суровикин Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға Херсон облысындағы әскерлерді Днепрдің сол жағалауына шығаруды ұсынды. Бұл Херсон қаласын украиндерге беруді білдіреді. Шойгу бұл ұсыныспен келісіп, Днепр өзеніне әскерлерді шығаруды бастауға бұйрық берді. Ресейлік телеарналарда көрсетілген Шойгуға берген баяндамасында Суровикин Днепрдің оң жағалауындағы ресейлік жасақтарды керек-жарақпен қамтамасыз ету қиындай түскеніне айтты.