КТК мұнай құбырының жұмысын тоқтатудан Ресейге еш зиян тимейді, алайда Еуропа күніне миллион баррельге дейін мұнай жоғалтуы мүмкін. Ресей президенті Владимир Путин Украинаны қолдайтын Еуропа елдеріне қарсы тағы бір қару тапты — бұл Қазақстан мұнайы, және ол бұдан ештеңе жоғалтпайды, деп жазады мұнай сарапшысы Джулиан Ли Bloomberg басылымына. 5 желтоқсанда Ресей мұнайына қарсы еуропалық санкциялар