Ресей Қазақстанның 8,5 миллион гектардан аса жерін жалға алып әскери полигон ретінде пайдаланып келеді. Ал жалға берілген аумақтың әр гектарына 1046 теңге төлейді. Бұл баға 2005 жылдан бері өзгермеген, деп хабарлайды 31-арнаның жаңалықтар қызметі. Еліміздің қорғаныс министрлігіндегілердің мәліметінше, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарындағы аумағы 7 миллион гектар болатын Сары-Шаған сынақ алаңы Ресейге жалға