Саясаттанушы Асхат Қасенғали Украина мен Ресей арасындағы соғыс қазір қалай өрбіп жатқаны туралы көлемді жазба жариялады. Қысқартусыз назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мақсат — келісімге көндіру Ресей Украина аумағын зымыранмен аптасына бір мәрте атқылау стратегиясын таңдап алды. Бұл сөзсіз Киевті өзіне тиімсіз келісімдерге көндіру тәсілі. Себебі жылусыз, жарықсыз қалған Украина халқы билікке қысым жасап, Зеленскийді келіссөзге итермелейді