Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, көпшілікке жариялады. Кемел Тоқаев 1945 жылы қаңтарда Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 7-ші жеке гвардиялық Ломжинск ауыр танк шабуыл полкінің командирі, гвардия подполковнигі Афанасий Поваров қол қойған құжатта былай делінген: “1945 жылы 21 қаңтарда Еглиёвец елді мекенінің солтүстік-батыс аумағында (Польшадағы Мазовецк воеводалығына қарасты) немістер түнде біздің позицияларға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар өз танктерін тайсалмай қорғап, кейін қарсы шабуылға шығып, немістерді шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді […]
Жаңалықтар
































