Ресей президенті Владимир Путин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды. Түзетулер «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» заңға, «Ресей Федерациясының кинематографиясын мемлекеттік қолдау туралы» заңның 5.1-бабының төртінші бөлігіне енгізілді. ЛГБТ-ны БАҚ-та, интернетте, жарнамаларда, көркем туындыларда насихаттағандарға жаңа заң бойынша ірі көлемде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылады.