Ресей 2022 жылдың бюджеттік қортындысын шығарды. Бюджеттік дефицит 3,3 триллион рубльді құраған. Бұл 45 миллиард доллар. Біз үшін бүкіл бір Ұлттық қор десе де болады. Осы дефицитті жабу үшін Ресей өзінің әл-ауқат қорынан қаржы шығындамақ. Ресей әл-ауқат қорында 10,8 триллион рубль жатқан болатын. Оның 3,3 триллионы өткен жылғы дефицитті жабуға кетсе, қалатыны 7,5 триллион рубль.