Ресей ІІМ миллиондаған кірісі бар 32 блогердің «қара тізімін» жасады, оларды ведомство салық төлемеу және ақшаны жылыстату бойынша тексермек. Telegram-mash арнасы хабарлағандай, бұл тізімге Инстасамка, Гусейн Хасанов, Егор Крид және басқа да бірқатар атақты тұлғалар енгізілген. Олардың барлығы Блиновская, Лерчек және Митрошинаның күйін кешуі әбден мүмкін. Бұл тізім атышулы тұтқындауларға дейін пайда болғандығы атап өтілді.