4 маусымда Ресейдің бірқатар қалаларында өткен қамаудағы оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдау акцияларында 90-нан астам адам ұсталды. Бұл туралы «ОВД-Инфо» құқық қорғау жобасы хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, Мәскеуде 50-ден астам, Санкт-Петебургта 10-ға жуық адам ұсталды. Олардың арасында төрт жасөспірім бар. Құқық қорғаушылардың айтуынша, шын мәнінде қамалғандар саны мыңнан көп болуы мүмкін. Барнаул қаласында үрленген шар көтеріп