Мәскеудің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың жазуынша, Белгород облысындағы Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртке оранған. «Мен Головинский ауылдық елді мекенінің басшысы Денис Золотухинмен жаңа ғана хабарластым. Алдын ала мәлімет бойынша, Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр», – деп жазды Гладков …