Ресейдің Оңтүстік-Сахалин қаласында жоғалған көлік Көкшетауда бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы сәуірдің 22-сінде Көкшетау қаласында Жедел басқару орталығының қызметкерлері қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған «Lexus LX570» көлігінің жүргізушісін анықтаған. Тәртіп бұзушылық туралы ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді. Нәтижесінде жол талғамайтын көлік Уәлиханов және Кенесары көшелерінің қиылысында …