Өткен аптаның басты жаңалықтарының бірі — Ресейде жарияланған ішінара мобилизация. Бұл жаңалықтың салдары біздің елге де әсер етпей қоймады. Мобилизация талаптарына сай келетін ресейліктер Қазақстанға ағыла бастады. Әлеуметтік желілерде шекаралардағы шақырымдық кезектер түсірілген видеолар пайда болды. Бұл қазақстандықтардың үрейін туғызды. Қоғам белсенділері биліктен шекараларды жабуды талап етті. Сондай-ақ, «елінің мүддесі үшін күрескісі келмейтіндер басқа елде