22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына тарады. Орман өрті елдімекенге шарпыған. Абай облысы Березовка ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшуге кірісіп кетті. Бүгінде 277 адам эвакуацияланды. Өрттің жалпы аумағы 1500 гектарды құрайды. Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ