Путин билігінен айырылады. Жалғыз ғана сауал, қашан айырылатынында. Путин өте қиын жағдайда, оның ендігі кез-келген әрекеті тек билігінің азая түсуіне әкеледі. Өйткені Ресейдегі билік – институт емес, заңда не конституцияда жазылған нәрсе емес. Билік деген – адамдар арасындағы қарым-қатынас. Халықтың билеушіге өз еркімен бағынуы. Қазір халықтың оған бағынайын деген қалауы қатты азайып жатыр. Путиннің мемлекетін