Ұлттық банк «Мир» карталарына қызмет көрсетуге қатысты пікір білдірді. Қазақстан заңнамасы бойынша, елдегі банктерге «Мир» карталарын қабылдауына қатысты шектеу қоймайды. Клиенттер бұл карталарды пайдалана алады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі 23 қыркүйекте Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында мәлімдеді. Қазақстандық банктер операциялық және қаржылық қызметін дербес жүзеге асырады, төлем жүйесінің операторларымен іскерлік қарым-қатынастар орнатады, сондай-ақ