Барнауыл соты журналист Мария Пономаренконы Ресей армиясы туралы «қауесет» таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. RusNews-тің жазуынша, сот Мария Пономаренкоға бес жыл журналистік қызметпен айналысуға да тыйым салды. Пономаренко 2022 жылдың сәуірінде ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, наурыз айының ортасында ол Telegram-да «жалған ақпарат» жариялады. Ол Ресей әскери күштері Мариупольдегі драма театрына әуе шабуылын жасады