44 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, М.Адиевтің кандидатурасы аталмыш ұйымның атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді. М.Адиев ойыншы ретінде ресейлік «Анжи», ЦСКА, «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» секілді клубтар сапында доп тепті. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын …