Армения Ресейден қоныс аударғандардың көп екеніне қуанып отыр. Өйткені елдің орталық банкі мемлекеттің жалпы ішкі өнімі айтарлықтай өсетінін айтты. Қазақстандағы жағдай қандай? Белгілі экономист Эльдар Шамсутдинов өзінің Telegram арнасында Армения Орталық банкінің мәліметтерін бөлісті. Біз жыл соңында инфляция шамамен 10% және ЖІӨ өсімі 12,9% болады деп күтеміз. ЖІӨ-нің болжамды өсімі Ресей Федерациясы азаматтарының иммиграциясымен байланысты.