Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін банк секторындағы азаматтардың қаражаты 458 миллиард рубльге қысқарды. Бұл туралы Орталық банкіне сілтеме жасап Росбалт РФ хабарлады. 2022 жылғы қыркүйектің екінші жартысында елден кетіп, қолма-қол ақша алғандар көбейген. Сонымен қатар Орталық банктің мәліметі бойынша, азаматтар стресс немесе белгісіздік жағдайында ақшаны алуға бейім келеді.