19 қаңтарда Риддерде жылу электр орталығы өртенді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанның Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы өрттің видеосы пайда болды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Даниал Ахметов Риддерге кетті. Штаб отырысының қорытындысы бойынша ресми ақпарат беріледі, деді әкімдік.