Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты қызметінен кететінін растады. 85 жастағы Франциск тізесін жарақаттап алып, қозғалысы қиындаған. Осыған байланысты егер денсаулығы шіркеуді басқаруға кедергі келтірсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп мәлімдеді Аciafrica басылымы. Осынша жасымда және денсаулығымның нашарлауы шіркеуге қызмет етуіме кедергі келтіреді. Ол үшін күтінуім керек немесе орнымды босатуым керек, деді Католик шіркеуінің басшысы.