Еліміздегі техникалық сала терминдері ағылшынша не орысша ғана қолданылатынына қатысты сын көптен айтылып жүр. Енді бұл сала да төл тілде сөйлейтін болады деп хабарлады turkystan.kz. Нақтырақ айтсақ, қазақ тілінің терминологиясында жасанды интеллект пен робототехникаға қатысты 672 сөз бекітілді. Енді жасанды интеллект, деректерді талдау, робототехника және компьютерлік ғылымдар саласында қолданылатын көптеген терминдер мен сөздердің аудармалары бар. Ғалымдар …