Ұлыбританияның ғарыш агенттігі Ай бетінде адамдар тұратын аванпостарда орнатылатын ядролық реактор жасау үшін Rolls-Royce компаниясына тапсырыс берді. Сомасы 2,9 миллион фунт стерлинг (3,5 миллион доллар) болатын келісімшарт бойынша компания 2029 жылға қарай Айда жұмыс істейтін ядролық реактордың демонстрациялық модулін жасауы тиіс. Бұл туралы Ұлыбритания Үкіметінің хабарламасында жазылған. Жерге жақын орбиталарда ұшып жүрген ғарыш аппараттарының көпшілігі