Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді. 19 қаңтар күні сағат 10.30-да Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Осыған байланысты 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған