Баланың денесі турникке ілініп тұрған. Бұл жайында Qostanay.TV хабарлады. Жасөспірім 2009 жылы дүниеге келген. Оның мәйіті бүгін, 3 маусым күні түс кезінде Качарская көшесінің бойындағы ойын алаңының бірінде табылды. Қайтыс болған бала бесінші сыныпта оқыған. Оның қалай тұншыққаны әлі анықталмады. Мамандардың айтуынша, бала турникте арқанмен ойнап жүріп абайсызда қайтыс болған.