Руслан Желдібай президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, - делінген жарлықта.