Американың Сан-Хосе қаласында басталған WTA 500 турнирінде Уимблдонның су жаңа жеңімпазы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің 12-ші ракеткасы Дарья Касаткинаға жол берді. Бірінші сетті 6:1 есебімен 35 минуттың ішінде өз пайдасына шешкен Рыбакина 42 минутқа созылған екінші сетті 2:6 есебімен қарсыласына беріп қойды. Ал 24 минутқа ғана созылған шешуші сетте Рыбакина 0:6 есебімен ойсырай жеңіліп,