Далаға шықсаңыз, ресейліктердің қаптап кеткенін аңғару қиын емес. «Магнумде», көшеде, саябақта, базарда, сауда орындарында, барлық жерде өріп жүр. Солардың сөзімен айтқанда «панаехали». Бұлардың жаппай келуі, түрлі мәселені ушықтырады деп ойлаймын. Ресейдің мәліметінше сәуір-маусым арасындағы үш айда Қазақстанға 570 мың ресейлік кірген. Олардың қаншасы қалды, қаншасы кеткені белгісіз. 570 мың дегеніміз кей облыс халқынан көп.