Gov.kz Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар үшін 2025 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі. Бұл ретте, 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады. Салықты portal.kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы есептеуге...