Өткен желтоқсан айында Мәжіліс депутаты Юрий Ли Жоғарғы аудиторлық палата мен Бас прокуратураға және Жемқорлықпен күрес агенттігіне депутаттық сауал жолдаған еді. Депутаттың айтуынша, біздегі банктер ақша табудың тым қарапайым жүйесіне арқа сүйеп алған. Яғни, «Самұрық Қазына» қыруар табысын екінші деңгейлі банктерге депозитке салып қояды. Ал банктер сол ақшаға мемлекеттің құнды қағаздарын сатып алады. Сайып келгенде,