ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қандай мүлікке салынатындығын айтты. Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады, деп жазады ҚазАқпарат. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына сәйкес, «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Ол қымбат жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді.