Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Әрекет қылмыстық жауапқа әкеп соқпаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген. Дүйсеноваға жеке өмірі туралы ақпаратты таратқаны үшін айып тағылған еді. Айта кетсек, Сандуғаш Дүйсенова 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар барысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құлатылған күйде алаңда жатқан ескерткіші түсірілген фотосуреттің авторы ретінде танымал.