Сандуғаш Ерсейітова Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. ҚР әділет министрінің бұйрығымен Сандуғаш Әбдіразаққызы Ерсейітова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, делінген хабарламада. Сандуғаш Ерсейітова 1977 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Қорғалжын ауданы Ауыл шаруашылығы басқармасының хатшы-машинисті болып бастаған.