Саран қаласында үйлерді жылумен жабдықтаудың резервтік жүйесіне қайта қосу аяқталды. Қазандықтар қажетті отын қорымен және жұмысшылармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Облыстық әкімдік мәліметінше, қазір басты мақсат – тұрғын үйлерді сапалы жылытуды қамтамасыз ету.