Солтүстік Қазақстан облысында мессенджерлердегі аккаунттарды иемдену арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың 14 дерегі тіркелді. Қаскөйлер балалар байқауына дауыс беруді сұрап, күмәнді сілтемелер таратады. Аккаунтқа қол жеткізгеннен кейін оның иесінің атынан таныстары мен туыстарынан ақша сұрайды. Бұл туралы Newsroom.kz өңірлік полицияға сілтеме жасап хабарлайды.