Мұғалімді «жұмыстан шығарамын» деп қорқытқан Сәтбаев қаласындағы мектептің оқу бөлімінің меңгерушісі ақыры өзі жұмыссыз қалады. Ұлытау облысының білім басқармасы қазірдің өзінде шаралар қабылданғанын хабарлады. Бұл оқиға мектептің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінде қаралды. Мектеп директорының атына тәртіптік жаза қолдану және директордың орынбасары қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді. Бейнеге түсірілген мектеп директорының орынбасары қызметінен босатылады, деп хабарлады