Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылында 1971 жылы ұрпаққа аманат етіп жазылған өсиет хат ашылды. Хатты ашу рәсім салтанатты түрде өтті. Тұрғындар тарихи сәттің куәсі болды деп хабарлады turkystan.kz. 50 жыл бұрын жерге көмілген бабалар өсиеті оқылды. Хатта Жүйнектен шыққан 149 соғысқа қатысушылардың тізімі жазылған. Сонымен қатар, онда соғыстан кейінгі халықтың тұрмысы, қалай күнелткені жайлы баяндалған. …