Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауында 460 мың қазақстандық «барлығына қарсы» бағанын таңдаған. Барлық кандидатқа 460 484 адам қарсы дауыс берді. Бұл жалпы сайлаушылардың 5,80%-і, деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. Президенттік сайлауға барлығы 8 300 046 қазақстандық қатысты, бұл сайлау құқығы бар азаматтардың жалпы санының 69,44%-і.