Қазақстанда сайлау кезіндегі талаптарды, әсіресе интернеттегі үгіт-насихатқа қатысты ережелерді күшейту көзделіп отыр. Мәжіліс сайлау туралы заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Билік бұдан былай кандидаттар мен партиялардың үгітті қалай жүргізетініне, оларды кім қаржыландыратынына, сондай-ақ блогерлер мен онлайн-платформалардың сайлау науқаны кезіндегі әрекетіне бақылауды қатаңдатпақ.
Жаңалықтар