«Кез-келген саяси күрес ережесі бойынша, кандидаттар халыққа танымал, сайлаушыларға таныс, белгілі тұлға болуы керек еді. Өткен президент сайлауында оппозицияның атынан шыққан ортақ кандидат елге біршама таныс, билікке шын балама тұлға болды. Наразы халық дауысын сол кандидатқа берген. Ал қазіргі бес кандидаттың бойында ондай қасиет жоқ», дейді саясаттанушы Қазбек Бейсебаев. Сарапшының сөзінше, қалың бұқараға белгісіз біреулер