Мәжілістің жалпы отырысында ақпаратқа қол жеткізу және қоғамның қатысуы мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Заң жобасында ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру көзделген.