Солтүстік Қазақстан облысында Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының полициясына Kia Sorento жол талғамайтын көлігін мінген бейтаныс адамдардың Жалтыр көлі маңында жануарлардың етін мүшелеп жатқаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті. Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстады. Ұсталғандардың екі сібір елігін атып алғаны анықталды.