Әуежайдан түсірілген кезекті видео қазақстандықтарды ашуландырды. Желі қолданушылары SCAT авиакомпаниясының қызметкерлері жолаушыларды домбырамен бірге бортқа шығармағанын хабарлайды. Әуе тасымалдаушысы музыкалық аспап үшін ересек адамға арналған билет бағасы бойынша бөлек орын сатып алуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Қазнет пайдаланушыларын Қазақстан әуежайларының бірінде түсірілген видео ашуландырды. Онда SCAT қызметкерлері жолаушыны домбырамен бортқа жібермей жатқанын көруге болады.