2 қаңтарда Щучье-Астана тас жолының Жасыл ауылы маңында сағат 16:00 шамасында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Апат ауа райының қолайсыздығынан 15 көлік бір-біріне соғылған. Бір адам ми жарақатын алған. Ол жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына эвакуацияланды.