ОСК шешімімен Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Мəжіліс сайлауынан ресми түрде шеттетілді. Бұл туралы партия әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлімдеді. Бәлкім, формальдық дүние өте маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін ашып, 600-ден астам адамды жұмыспен қамтып, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам салық төлеген, делінген партияның мәлімдемесінде.