Канадалық әнші Селин Дион сирек кездесетін неврологиялық ауруға шалдыққаннын және келесі жылы Еуропада жоспарланған концерттерден бас тартуға мәжбүр болғанын айтты. Әнші Instagram парақшасында жанкүйерлеріне бейнехабарлама жолдап, жақында одан бұлшықеттері қозғалмай қалатын ауру табылғанын айтты. Бұл — дененің әртүрлі бөліктерінде бұлшықет спазмы болатын әлемде әлі дұрыс зерттелмеген ауру. Бұл ауырсынуды тудырады, науқастың қозғалуын шектейді және оның