Семей қаласында жеке тұрғын үйді су басып, отбасы қиын жағдайда қалды. Оқиға қаладағы Рощи ауданында болған. Тұрғындардың айтуынша, 10 наурызға қараған түні су деңгейі күрт көтеріліп, үйдің барлық бөлмесіне кірген. Таңертең үйдің ішінде шамамен 15–20 сантиметр мұздай су тұрған. Үйде кішкентай бала бар, сол күні жедел жәрдем шақырылған, ал келесі күні баспананы түгел су басқан....