Ішкі істер министрлігі Қазақстанның түпкір-түпкірінде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстап, оларды қамады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. Ұсталғандар арасында Абай, Павлодар және Алматы облыстарының тұрғындары бар. Қылмыстық топтың мүшелері қарапайым халықты, соның ішінде, студенттер мен жастарды қорқытып, ақша бопсалаған. «Мәселен, Абай облысында алты адам Семей халқынан ақша бопсалаған. Полиция ол топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Күдіктілердің бәрі...