Фото: видеодан скрин Семей қаласында орналасқан балаларға арналған ойын-сауық орталығы өртке оранды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Өрт жылдам өршіп, ғимараттың шатыры құлағаны хабарланды. Оқиға кезінде орталықтағы адамдар өз күштерімен сыртқа шығып, эвакуацияланған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр....